Текст
Ұйымдар тізімі
08.12.2021
11-сыныптың ата-аналары арасында 12 жастан асқан балаларды вакцинациялау бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді, оларды Pfizer вакцинасымен вакцинациялауға болады, бұл ретте тек ерікті негізде және ата-аналардың келісімімен.
08.12.2021
9 «Ә» сыныбында өткізілген ата-аналар жиналысында Қазақстанға әкелген Pfizer екпесі туралы айтылды.12 жастағы және одан асқан балалар Pfizer вакцинасын ерікті түрде және ата-анасының келісімімен алатыны туралы ескертілді.
08.12.2021
Мектебімізде "Жас Ұлан" біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өткізілді. ҚР Тұңғыш Президенті күнімен тұспа-тұс келген бұл жиында: "Жас Қыран" қатарына-35 оқушымыз қабылданды. "Жас Ұлан" қатарына - 30 оқушы қабылданды. Әр қабылданушыға төсбелгі мен галстук табысталды. Барлықтарыңызды Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
08.12.2021
Мектебімізде Тұңғыш Президент күніне орай „Елін сүйген,елі сүйген-Елбасы” атты тақырыбында сынып сағаттары өтті
08.12.2021
5 “А” сынып оқушыларымен Елі сүйген, Елін сүйген - Елбасы тақырып аясында сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Жусупбаева Н.О.
08.12.2021
7"А"сынып оқушыларымен Тұңғыш Президент күніне орай "Ел таңдаған Елбасы" атты зияткерлік сайыс өтті. Сынып жетекші:Кусайнова А.Е.
08.12.2021
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мектепішілік «Тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгіні» атты Microsoft PowerPoint бағдарламасында презентация жасау сайысы өтті. Сайыстың мақсаты: оқушыларды Қазақстанның өткені мен бүгінін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымды қалыптастыру. Ұлттық сана сезімдерін, саяси сауаттылығын ояту. Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту. Пән мұғалімі: Олжакеш М.К.
08.12.2021
Бестөбе№1 жалпы орта мектебінде 29.11 күні Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік нышандары» атты Paint графикалық редакторында 6 сыныптар арасында сурет салу сайысы өтті. Бұл сайыста оқушылар әр түрлі суреттер салды. Негізгі мақсатымыз компьютерде сурет салудың қыр-сырын пайдалана отырып, Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне шолу жасау. 30 жыл бойы жеткен ҚР жетістіктері. Оқушыларды Отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу. Пән мұғалімі Сарсенбаева Ж.Н
08.12.2021
29 қараша 8-11 сыныптар арасында мектепішілік пән олимпиадасы өтті.
08.12.2021
26 қазан күні 5-6 сыныптар арасында қалалық пән олимпиада өтті.

11-сыныптың ата-аналары арасында 12...