Текст
Челлендж «Ұлттық рухтың шырағы»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханада "Ілияс Есенберлин - Ұлы даланың даңқты ұлы" атты тақырыбында оқу сағаты өткізілді. Іс-шара барысында 8 "А" сынып оқушылары Ілияс Есенберлиннің "Алмас қылыш", "Жанталас", "Қаhар" кітаптарынан үзінділерін оқып, жазушының өмірі мен шығармашылық жолын, еңбектерін талқылады. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Абенов Қ.К. пен тарих пәні мұғалімі Баисов Қ.Қ. осы шығармалар туралы қысқаша баяндады, "Қазақ әдебиетінің тарланы-Ілияс Есенберлин" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Сынып жетекшісі Кульжанова Г.О.
Мектеп кітапханашысы Кусаинова Г.П.