АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ №1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ПОСЕЛКА БЕСТОБЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық (сырттай) конкурсының

Ақмола облысы

білім басқармасының

облыстық оқу-әдістемелік

кабинетінің директоры

                                                                                                          2021 ж. «___»______

№ _____бұйрығына

 1- қосымша

 

 

 

 

ЕРЕЖЕСІ

 

1.Жалпы ережесі

1.1. Осы Ереже Ақмола облысының жалпы  білім беретін мектептерінің бастауыш сынып  мұғалімдері арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық (сырттай) конкурсын (бұдан әрі — Конкурс) ұйымдастыру тәртібін және өткізу шарттарын белгілейді.

1.2. Конкурс педагог қызметкерлердің кәсіби және шығармашылық қызметін дамытуға, білім беру үдерісін ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдауға, бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыруға бағытталған.

2.Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Мақсаттары:

- тиімді педагогикалық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату;                                                                                                                   

- кәсіби шығармашылық қызметті жүзеге асыруға құндылық бағдарларын, сенімдерін, уәждерін дамыту;

- бастауыш сыныптарда сабақ беру сапасын арттыру;

- аудан, қала педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыру;     

- білім беру үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;

- оқу-тәрбие үрдісінің тәжірибесіне заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және тарату;

қазіргі заманғы инновациялық білім беру технологияларын оқу-тәрбие процесінің практикасына енгізу және тарату.

 

2.2.Міндеттері:

 

бастауыш сынып мұғалімдерінің белсенділігін, дербестігін және шығармашылығын ынталандыру;

- дарынды педагогтарды анықтау және қолдау;

- білім беру жүйесінде өзекті педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.

 

 

3. Конкурстық материалдарды өткізу және ұсыну тәртібі

І кезең-аудандық (қалалық): 2021 жылғы 18 қазаннан 29 қазанға аралығында өткізіледі, онда конкурс жеңімпаздары анықталады, екінші кезеңге қатысуға ұсынылады;

ІІ кезең – облыстық: 2021 жылғы 1 қарашадан  12 қараша  аралығында өткізіледі, онда екінші кезеңнің жеңімпаздары анықталады.

Конкурс өтінімдері мен материалдарын электронды нұсқада Ұйымдастыру комитетіне 2021 жылдың 1 қарашаға кешіктірмей zhanara_umk@mail.ru     электрондық поштасына жіберлуі  тиіс.

Анықтама телефоны:

8(7162) 40-12-36

3.1. Келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

-Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары растаған ілеспе хаты;

-Конкурсқа қатысуға өтінім (1- қосымша);

-Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің қазылар алқасы отырысының хаттамасынан үзінді.

3.2.Педагог портфолиосы

3.3. Бейне сабақ,жаңартылған бағдарлама бойынша инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану арқылы жұмыс тәжірибесінен үзінділер кіретін бейне сабақ.

3.4. «Мен-заманауи бастауыш сынып мұғалімімін» Эссе.

Көрсетілген мерзімнен кеш келіп түскен материалдар қаралмайды.Өткен 3 жылғы финалистерінің конкурсқа қайта қатысуына жол берілмейді. Конкурс  материалдары 1 мемлекеттік тілде, 1 орыс тілінде қабылданады.

4.Конкурстық материалдарға қойылатын талаптар.

Бейне сабаққа:

- бейне сабақ сабақтың кезеңін (кезеңдерін) ашу керек;

- МЖМБС және жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес нәтижелерге (пәндік, пәнаралық, жеке тұлғалық) қол жеткізу мен бағалаудың қолданылатын тәсілдері;

- бейне сабақ ұзақтығы 20 минутқа дейін.

Эссе рәсімдеуге:

- жұмыс Microsoft Word мәтіндік редакторында орындалады (2010);

- Times New Roman, қаріп мөлшері – 14, аралық интервал – 1;

- әр жағынан 2 см-ден;

- ені бойынша тіктеу;

- көлемі А4 форматындағы 2 баспа беттен артық емес;

- эссе көлемі 2 баспа беттен аспауы тиіс.

 Портфолио ресімдеу:

- педагог туралы жалпы мәліметтер;

- кәсіби жетістіктер;

- жарияланымдар;

- авторлық әзірлемелер;

- кәсіби деңгейді арттыру курстарынан өту туралы сертификаттар, марапаттар және т. Б.);

-жалпы көлемі 10 беттен аспауы тиіс.

5. Бағалау критерийлері:

Бейнесабақ:

- бейнесабақты сахналау сапасы: сюжеттік желіні құру логикасы, оңтайлылығы, іріктелген фрагменттердің мазмұндылығы мен ақпараттылығы және т.б;                                                                                                                                                                    

- бейнесабаққа қоса берілетін материалдардың сапасы: түсіндірме жазба, қысқамерзімді жоспар, қосымшалар, өздігінен талдау;

- ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану тиімділігі;

- бейнесабақты жазу мен монтаждаудың техникалық деңгейі.

 

Бастауыш сынып мұғалімдерінің портфолиосы

- портфолионы авторлық оқу-әдістемелік материалдармен толтыру;

- кәсіби қызметінің табыстылығының дәлелдемесі және креативтілігі;

- портфолионың практикалық маңыздылығы, әріптестердің материалдарды пайдалану мүмкіндігі;

- педагогтың кәсіби өсу мониторингі;

- көркемдік деңгейі, портфолио дизайны.

 

«Мен – заманауи бастауыш сынып мұғалімі»

- толық ашу;

- тақырыптар мен мәселелер;

- мазмұндаманың логикалық және байланыстылығы;

- аналитикалық құзыреттілік;

- қорытындылардың негізділігі.

 

6. Қорытынды жасау, конкурс жеңімпаздарын марапаттау

Қазылар алқасы келесі  орындарды анықтайды:

- 1 орын – 60 000т.

- 2 орын  - 30 000 т.

-3 орын  -- 20 000 т.

- «Үздік бейне сабақ» номинациясы- - 10 000т.

- «Үздік  портфолио» номинациясы- - 10 000т.

- «Үздік  эссе»  номинациясы - - 10 000т.

Облыстық конкурстың жеңімпаздарының жұмыстары Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің дипломдарымен, грамоталарымен және сертификаттарымен марапатталады. Орын алған мұғалімдердің конкурстық жұмыстары педагогикалық тәжірибені тарату үшін материалдар жинағында, сондай-ақ білім басқармасының, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сайтында жарияланады. Конкурс нәтижелері апелляцияға жатпайды.

 

 

 

 

 


 

 

Қосымшалар:

Жаңартылған күні: 19.11.2021 16:31
Құрылған күні: 19.11.2021 16:31

Текст