АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ №1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ПОСЕЛКА БЕСТОБЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылға " Бестөбе кентінің № 1 жалпы білім беретін мектебі " КММ Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп

21.02.2023

1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің Бестөбе кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ заңды мекенжайы Бестөбе кенті, Амангелді Иманов көшесі № 6 ғимарат.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

     "Бестөбе кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-де білім беру саласында 5 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

      2022 жылы 12 қызмет көрсетілді;

 көрсетілген мемлекеттік қызметтердің электрондық нұсқасында 71 қызмет;

 көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада көрсетілген -1 қызмет.

       Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

       "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" - 65

"Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау" – 0

"Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалыс беруге құжаттар қабылдау және жолдамалар беру" - 2

 "Бастауыш,негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" - 1

 "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" – 4

Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

   Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

  Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0008.stepnogorsk.aqmoedu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi   білім басқармасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

    Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

     2022 жылы әлеуметтік желілерде 1 Ақпараттық хабарлама жарияланды. Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

    2022 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға шағымдар түскен жоқ.

     2022 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 21.02.2023 15:50
Құрылған күні: 21.02.2023 15:56

Текст