АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ №1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ПОСЕЛКА БЕСТОБЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 сыныпқа қабылдау

16.03.2021

2021 жылдан бастап 1-сынып оқушыларының құжатын қабылдау сәуір айынан басталады – Білім министрі

Асхат Аймағамбетов мектепке қабылдау бойынша талаптардың қалай жеңілдетілетінін айтты.

«Келесі жылдан бастап бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау маусымнан бастап емес, одан ертерек – бірінші сәуір мен бірінші тамыз аралығына дейін жалғасады. Мұндай өзгерістер не үшін қажет? Біріншіден, бұл – ата-аналар үшін ыңғайлы. Олар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға түсу үшін қажетті құжаттарын мектеп ұжымы немесе өздері еңбек демалысында болған уақытта емес, одан ертерек тапсыра алады», - деді ол.

Сонымен қатар, жаз бойы ата-аналар қажетті оқу құралдарын жинақтап, тиісті жұмыстарды жүргізіп, балаларын мектепке дайындауы керек. Ата-аналар тиісті құжаттарды жинауға, мектепті анықтауға үлгермейтіндерін айтып шағымданатын, сондықтан құжаттарды өткізу процесі көбінесе 31 тамызға дейін, кей жерлерде тіпті қыркүйектің ортасына дейін созылатын.

«Мектеп әкімшілігінің көзқарасы бойынша, бұл өзгерістер процестерді оңайлатады және мектеп қызметін жоспарлауды әлде қайда ыңғайлы етеді. Яғни, мектеп басшылығы сыныптарды алдын-ала толтыра алады, оқулықтардың қажетті саны мен алдын ала қамтамасыз етіледі және оларды уақытында жеткізеді, сағаттарды бөледі, сыныптардың санына байланысты педагогтерді қабылдай алады. Жалпы, оқу жылының басталуына тиімді дайындалуға мүмкіндік туады.

Енді ата-аналар балаларының мектепке баруын алдын ала жоспарлап, нақты білім беру ұйымын анықтауы қажет және керек құжаттарды уақытында тапсыруды, жіберуді үйренуі маңызды», - деді министр.

Министр енді осы үдерістердің барлығы толығы мен автоматтандырылады және «Электрондық үкімет» арқылы қол жетімді болатынын еске салды. Бұдан былай үйде отырып, уақыт пен басқа да ресурстарды шығындамай-ақ портал арқылы 1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш беруге болады.

Просмотров: 164


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст