ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырумен «Мен OFFLINE (оффлайн)» республикалық кең ауқымды балалар акциясы тұжырымдамасына сәйкес мектебімізде Акция ұйымдастырылды. Оқушылардың интернетке тәуелділігінің алдын алу,кәмелетке толмағандардың Интернет белсенділігін бақылауға қатысты ересек интернет-қызметтерді пайдаланушылардың жауапкершілігін Интернет-пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында акция өткізілді.Оқушылар мен Ата-аналар қауымына 2019 жылғы 27 қаңтар интернетсіз халықаралық күн екені жарияланды.Барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді.
Бастауыш 1-4 сыныптар аралығында «Менің интернетсіз күнді қалай өткіздім» атты суреттер байқауы өткізілді. Ең жақсы суреттер марапатқа ие болды,1-орын 4 сынып оқушысы Кульжанов Темірлан, 2-орын 1-сынып оқушысы Исаева Назерке,3-орын 2-сынып оқушысы Еремен Әли.
Орта және жоғары сынып оқушылары 5-11 сыныптарда «Мен ОFFLINE(оффлайн)эссе байқауы ұйымдастырылып,өткізілді.Ең жақсы, кең ауқымды тақырып ашылған эссе 11-сынып оқушыларының еншісінде болды, Серікбай Жанна, Ғарип Гүлім,Қабылда Алишер, және 7-сынып оқушысы Мұратова Сезім,8-сынып оқушылары Құбайдолла Жансая,Дауылбай Аяулым,Максутова Алтынайдың да эссе шығармалары жақсы жазылған.
Бұл күнді тек қана «шынайы» әлемде өмір сүру үшін,жақын адамдармен қарым-қатынас жасау немесе оны сүйікті хоббиіне арнау үшін оқушыларды компьютер мен жаhандық желіден бір күнге болса да алаңдату нәтижесі іске асырылды деуге болады.Оқушылардың интернет желісінен алаңдату мақсатында осындай шаралар өткізу тиімді және пайдалы.