Мақсаты: Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезеніңде оқушылардың мінез- құлық, өзін- өзі реттеуін, өзін- өзі бақылауға дағдыландыруын және сенімділігін арттыруын жүзеге асыру.
Пайдаланған әдістер: ойын әдістері, тренинг, темперамент түрін анықтау, агрессия күйін анықтау, әлемде жоқ жануар әдістемесі, сен қандай мамандық түрін қалайсың, коррекциялық жұмыстар, жеке кеңестер беру, ата- аналармен әңгімелесу.
Бестөбе орта мектебінде 11 сыныпта 16 оқушы оқиды. Соның ішінде 9 «А» сыныбында- 25, 9 «Ә» сыныбында -21, 9 «Б» cыныбында -19 оқушы оқиды. ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындалу және тапсыру кезінде оқушыларды психологиялық қолдау көрсету мақсатында оларға бірнеше кеңестер берілді. Алда тұрған сынаққа қалай дайындалу керектігі жайлы кеңестермен таныстырылды.
Осымен қоса ата-аналарына қалай қолдау керек және жағдай жасау керектігі жайлы кеңестер беріліп, «Ақ жол тілегі», «Біз біргеміз» тренингтер, «Отбасы қарым-қатынас» атты сауалнама өткізіліп кетті. Сауалнамада жиырма ұпайдан жоғары ұпай алып баласымен қарым-қатынасы жақсы деген нәтиже көрсетті.
ОЖСБ тапсырушы 9 сыныптан 57 оқушылар қатысты, олармен тұлғааралық қарым-қатынас стратегиясын және қоғамда өз–өзін ұстау тренингі «Сыйқыр сөз», «Көзбе көз», «Бұзылған телефон», «Арқаға арқа», «Қолтырауын», «Ыстық орындық» атты тренингтер өткізілді. «Сыйқыр сөз» тренингінде сабырлыққа келудің тәсілі. Мұнда сабырлыққа келе алмайтын оқушыларда болды. Көзбе көз тренингте қандай сезімде болғандарын айтты. Көздік қатынасқа түсу көбіне қиындықтар туындағандығымен бөлісті. Ыстық орындықта өзіне деген оң және теріс айтып салуларды адекватты түрде қабылдау. Бір-біріне айтылған өз ойларымен орындыққ отырды. Соның ішінде әр сыныптан қосқанда жиырма шақтысы отырғысы келмеді. Себебін аңықтай отырсақ олардың айтуынша «Ұнайды», «жаман», «жақсы» сөздерін қолданып қаламын деген ойларымен қатыспағандарын айтылды.
ҰБТ-ны тапсырушылармен «Мейірімді жүрек», интербелсенді сабақ «Болашақ бүгіннен басталады», «Болашаққа жол» күйзеліс, шаршау, қобалжу, сенімсіздік күйлерінен арылту үшін психологиялық ойындармен жаттығулар жүргізілді. Оқушылардың күйзелісте жүрген оқушылар саны біреу. Шаршауда болған 14 оқушылар болды. Өткізілген тренингтен алған әсерлерімен бөлісті. Айтуынша олар бір сергітіліп қалдық дейді.
11сынып оқушыларының пәндерге деген қызығушылықтары анықталды. 2018 жылдың қараша айында пәндерге деген қызығушылықтарын анықтау үшін бірнеше жұмыстар атқарылды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде оқушылардың пәндерге деген көзқарасы мен қызығушылықтары бойынша келесі көрсеткіштері анықталды. Оқушаларда өзіне ерекше қызығушылық тудыратын пәндер: Қазақ тілі: 11-33 %, жоғары, Орыс тілі: 11-45%, жоғары, Қазақ әдебиеті: 11-37% жоғары ,Орыс әдебиет: 11-33 %, жоғары , Тарих : 11-29 %, жоғары, Химия:11-4% төмен, Биология: 11-18% орташа, Физика: 11-11% орташа, География: 11-29% жоғары, Ағылшын тілі:11-25% жоғары, Дене шынықтыру:11-16% орташа, Информатика:11-25% жоғары, Алгебра:11-17%орташа, Геометрия:11-7%төмен анықталды.
Оқушылардың жауабы бойынша оларға оқу үрдісінде көбінесе интернет, ұялы телефон, уақыттың жетіспеушілігі кедергі келтіреді екен. Сонымен қатар оқушылардың оқуына кедергі келтіретін себептерді анықтау үшін келесі сипатта сұрақ қойылды: сені өмірде қандай проблемалар қиындатады деген сұраққа оқушылардың 31% - материалдық, 28% - психологиялық, 10 %- сынып оқушыларымен қарым-қатынас, 18%- мұғаліммен қарым қатынас, 5%- сынып жетекшілермен қарым-қатынас, 40%- ешқандай проблема жоқ деп жауап берген. Бұл көрсеткіштер де оқушылардың сабаққа дайындалуларына кері әсерін тигізеді.
Қобалжу мен өзін-өзі бағалау (сенімсіздік) екі оқушыда сәл жоғарыны көрсетті, он төрт оқушыда қалыпты, өзара қарым-қатынаста барлығында қалыпты жағдайда екендігі анықталды. Жүргізілген зерттеудің қортындысы 11 cынып оқушыларына психологиялық қолдау мен көмек қажет екені анықталады. Сондықтан оқушылардың психологиялық денсаулықтарын нығайту үшін зерттеу жұмыстарын әрі қарай жалғастыру және оқушылармен түзету дамыту сабақтарын өткізу керек.
Ұсыныстар: - Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін пән мұғалімдері қызығушылықты арттыру бойынша жұмыстарды жүзеге асырсын. - Пән мұғалімдері оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін сабақ барсында жиі мақтауды, сабақты қызықты түсіндіруді және оқушылардың бойында қанағаттанушылық сезімдерін қалыптастыруды ұйымдастырсын.