Текст
Денсаулық - ең маңызды адамға қажет дүние. Бар бақыт, тыныштық, береке-денсаулықта. Дені сау адам - бақытты адам. Олай болса, денсаулық күнінің жеке аталуы өте маңызды. Осы негізде мектебімізде денсаулық күніне орайласқан "Денсаулық - зор байлық", "Көңілділер жарысы", флешмоб ұйымдастырылды. Бұндай шара тек бұл күні ғана емес, үнемі ұйымдастырылады. Спорттық жарыстар, күштілер сәті қоңырау арасында, жарыстар да үнемі ұйымдастырылып, оқушылар, ата-ана, ұстаздар қызығушылықпен қатысады.