АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ №1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ПОСЕЛКА БЕСТОБЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Туған жерім

06.11.2017

Туған  жерім

Менің туып өскен жерім - Тәуелсіз Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Менің Қазақстаным өте әсем, әсіресе, табиғаты көз жауын алады. Менің елім көптеген шыңдардан көрініп жатыр және мен оны мақтан етемін. Мысалға, Қазақстан жеріндегі ең биік шың - Хан-Тәңірі. Оның биіктігі 6995 метр. Ал Каспий теңізі болса, жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Қазақстандағы ең көркем демалыс орыны-Бурабай. Бұл жер жұмбаққа толы жер. Бурабайда орналасқан  Жұмбақтас шыңы да әдемі. Тіпті, Жұмбақтас туралы халық аңыз да ойлап тапқан. Тұтқынға түскен он жеті жастағы қалмақ қызы Оқжетпес шыңынан Бурабай көліне секіріп кетеді де, сол сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі көрінеді, ал қарама-қарсы жағынан қараса, мыстан кемпірдің бейнесін байқауға болады. Сондықтан да бұл жартасты Жұмбақтасдеп атаған.                                                                                                                                                                

Негізінен менің кіндік қаным тамған жер- Бестөбе кенті. «Отаны жоқтық-нағыз жоқтық»,-деп  ата-бабамыз

бекер айтпаған. Менің балалық шағым осы жерде өтіп жатыр. Бұл Бестөбе кенті кең орынға бай. Осында аға-апаларымыз тер төгіп, алтын жұмыстарымен айналысады.Фабрика, шахта  осы жерде орналасқан. Шахтада алтын қазбаларды өңдеп, оны соғып, фабрикаға  жібереді. Ал фабрикаға бұл алтын қазбасы құм күйінде жөнелтіледі де, алтынға айналады. Мен елімді өте қатты жақсы көремін. Себебі, бұл жерде мен бойжетіп, дос тауып, осы жерде білім алып жатырмын. Құдды бір бұл жер мен өскесін үлкен қалаға айналатын секілді. Кентім бай әрі көркем.

Міне, сондықтан да мен өз туған жеріме жан жеткізбеймін. Оған деген сүйіспеншілігім үнемі арта бермек. Мен туған жерімді әрқашан мақтан етемін және де қазір біліміммен туған жеріме сүйіспеншілік білдірсем, өсе келе

кентімнің өркендеуіне өз үлесімді қосамын деген сенімдемін.

 

 

Просмотров: 486


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст