АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ №1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 1 ПОСЕЛКА БЕСТОБЕ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ СТЕПНОГОРСК УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Біздің әлеуметтік желі

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мәңгілік жансын бағың – Тәуелсіз Қазақстан!»

17.02.2017

«Мәңгілік жансын бағың – Тәуелсіз Қазақстан!»

                 Өмір өзен... Уақыт керуен... Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толыпты. Тәуелсіздігімізді тәу етіп, тәубә деп жарқын болашаққа бет алып келгенімізге, алтындай ардақты бақытты күнімізге 25 жыл болыпты. Егемендік тағына отырғандағы жаңа туған нәресте бүгінде зіңгіттей азамат болыпты. Тәуелсіздік дегеніміз түсінген адамзатқа аса жоғары мәртебелі, құдіретті сөз. Тәуелсіздіктің шынайы сыры – жүйкені тоздырып егесі өткен, қыл мойынға ілінген құр бұраулы шынжырдан босану, бодандықтан құтылу. Жердің жер болып жаратылғаннан бері онда өмір сүрген халықтардың ең бірінші аңсаған аңсары да, осы- тәуелсіздік. Тәуелсіздіктің туын қолға ұстағаннан кейінгі еліміздің

жай-жапсары көз алдымызда сайрап жатыр. Мемлекетіміздің алғашқы жылдары құлдыраңдай басқан құлындай беймәлім жаққа аңырап қарағаны да анық. Дұрыс жолды таңдауда елімнің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен жанына ел үшін еңіреп  ерген зиялы азаматтардың арқасында сіңірген еңбектері өлшеусіз.

                 Анығында, тәуелсіздіктің жүрген жолын айтқанда, жазғанда сезімі биік әдемі сөздермен өрнектей өріп, егемендікті жай бере салғандай сыпайылап жеткігеннен гөрі ащысын мен тұщысын араластырып айтқанды жөн деп санаймын. Мұғалімдік дипломды қолға алғаннан кейін еңбек жолымды ауыл мектебінен бастаған мен үшін ауырлау жылдар болғаны да шындық. Еңбекақы дегенді айлар бойы көрмедік десек артық айтқандық емес. Алайда, «ала қарғада, алашағың бар болсын» деген халық нақылы тегін айтылмаса керек. Бір күні сол кездегі ауылдың алпамсадай ауылдың басшысы «ал, бала, еңбегіңді ал» деп тілдей бір қағазға қолымды қойғызғаны. Сондағы маған тиеселі еңбекақы бірі тұқыл, екіншісі шаңырақ мүйізді келген ойсыл қара тұқымы мен қосалқысына австралиялық меринос қойының тұқымы- он тоқты. Бүкіл жанұя болып қуанып, сондағы еңбекақымды қаумалап қораға енгізгенімізді жиі есіме аламын. Туған елде қазақ халқының атақты адамдардың бейнесі белгіленген тұңғыш төл теңгені алғаш ұстағандардың бірі мен едім. Бір бума теңгені аса зор ыждаhаттылықпен ұстап, сүйінші сұрап келгендерге таратқаным бір үлкен әңгіме. Осынау өткен кезеңдерді балаларға айтсам оларға бейне-бір ертегі айтып отырғандай боламын, сенбейді. Сол жылдар өткен сайын бұлдыраңдаған сағымдай ұзап бара жатқандай көрінеді, бірақ өткен күннен белгі бар дегендей сол естен кетпес маңызды сәттер жүрегімде мәңгіге сақталып қалды. Қазіргі таңда болмашы қиындықтардай көрінетін сол кезеңдерде ел үшін, мемлекетіміздің болашағы үшін мойымай еңбектене бердік. Иә, еліміздің тұғыры берік орнауына Қазақстанның барлық ұстаздарының да еңбегі ұшан-теңіз. Мемлекеттің нығайуы үшін кез-келген жауапты істерге жұмыла кірісіп, зор еңбектер атқарды. Білім саласына да көптеген өзгерістер енгізілді. Әлемдік иновация, өте жылдам, қарқынды дамыған сайын білім үрдісі де өзгеруі шарт, ешқандай дәлелдің керегі жоқ. Қазақстан мемлекеті үшін тыңнан сара жолды салу, аса маңызды  мемлекеттік істерді жүзеге асыру үшін кемеңгер, тәжірибелі, батыл саясаткер аса қажет еді.       

            Барша халық ел президентіне Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты таңдады. Ел қателеспеді, халқы артқан зор сенімді сүрінбей аса жауапкершілдікпен атқару елбасына артқан ауыр жүк болды. Президентіміздің сындарлы саясатының арқасында әлемнің назарын Қазақстан мемлекетіне аудардық. Еш мағынасы қалмаған, жаба-жаба жауыр болған ескі жүйені түп орнымен құрта отырып, жаңа парақтан мемлекеттің шежіресін жазуға кірісті. Қазақстан халқы мен ел президенті мемлекеттің басты бағыттарын жан-жақты байыппен анықтап, айқындалған жоба бойынша алға басты. Әлем елдері біздің Қазақстан мемлекетінің дербес ел болып танылуын мойындау жолында да ерен

еңбектер атқарылды. 1991 жылы 29-тамызда президентің жарлығымен жер шарындағы ең ірі ядролық сынақ алаңы – Семей полигонының жабылуы тарих бетінде алтын әріптермен жазылды. Егемендік алғаннан бері президентіміздің алға қойған мақсаттарының бірі- жер-жаhанда ядролық қарудың жойылуы. Әлемнің барлық елдері аты өшкір улы қарудың жер бесігінен мүлдем жойылудың жолын түсінген. Жойқын қаруды жоюдың жолын көрсете білген, АҚШ-та Вашингтон қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының  қақ төрінде түсіндірген біздің Елбасы. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы біздің Президентіміздің ұстанымдарына толықтай қосылып өте жоғары баға берді. Ядролық қаруды құтты бір аяулы баласындай құшақтап жан-жағына сес көрсетіп отырған алпауыт елдер, неге

екені түсініксіз майда тілін сумаңдатып, бұл қарудан құтылу керектігін айтып қалады да үнсіз қалады. Біздің елді үлгі қылады, мақтайды, бізге бұндай мақтанның түкке қажеті жоғын да біледі, алайда, өздері бірін-бірі аңдып отырады. Түсініксіз... Әлде, бұл елдердің жасанды  демократиясы жалған ба екен, жасанның арты - жалған деген тағы бар, негізінде жойқын қаруы бар елдер «обал», «сауап» деген салауатты сөздерді түсіне ме екен?

                 Тәуелсіздіктің қайнар көзі – ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1991 жылдың 16-желтоқсанында бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Ата Заңнан басталады.

                 Ата Заңымыздың бірінші бабында «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет, өз аумағында өкімет билігін толық иеленеді, ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізеді» деп айтылған. Жері тұтас, бөлінбейді және ешкімнің қол сұғуына жол берілметінін заң бойынша бекітілген.

                  Конституциялық заңымыз арқылы көрші отырған елдермен бейбітшілік тұрғыда шекарамыздың аумағын шегендеп, іргетасын мызғымастай бекітіп алдық. Бұл заң жалпы еуразиялық кеңістіктегі татулықты, бейбітшілікті және тұрақталық пен тең дәрежедегі тепе-теңдікті сақтап қоймай, елдердің бір-біріне деген сенімін нығайтты.

                 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң мемлекетіміздің қабылданған жаңашыл реформалардың тұғыры болды.

                 Ерте заманнан бері бабаларымыздан мирас болып келген атажұрт осыдан тура 25 жыл бұрын заман талабына сай келбетін өзгертіп, қайта түледі. Жер-жаһанның барлық мемлекеттері, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады. Саяси карта бедерінен өз орнын ойып тұрып алды. Осылайша азат елдің жаңа дәуірі басталды. Қазіргі таңда елімен тұңғыш ел Президенті сенімді түрде алға қадам басып келеді.Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап барлық мемлекеттермен тату-тәтті достастық қатынас орнатып, өзіндік  зор беделге ие болды.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблея – бұл мемлекет басшысы жетекшілік ететін конституциялық орган. Оның

ең негізгі мақсаты тепе - теңдікте біртұтас Қазақстан халқын қалыптастыру. Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісіне 9 депутат сайланды.  2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі, мемлекетіміздің абыройын одан ары асқақтата түсті. Сондай-ақ тығырыққа тіреліп жүрген аса келелі халықаралық мәселелер Астана төрінде шешімін тауып жатқандығы сан мәрте дәлелденді. Бүгінде Қазақстан Республикасы ТМД мен Орталық Азияның көрнекті көшбасшысы болып саналады. Ал Еуропаның барлық мемлекеттерінің ең сенімді серігі. Қазақстан Еуразия құрлығындағы көптеген дағдарысты, қақтығыстардың жайын анықтап оң шешімін тауып отырды. Негізінде, Қазақстан мемлекеті үшін Еуропаны да, Азияны да алсақ бізге артылар күш көп екендігін аңғарамыз. Тарих бетінде -  Еуразияның нақ жүрегінде орын тепкен Қазақстан, Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпір істептес. Бұл- бұлжымас табиғаттың заңы дерсің.

                 Тәуелсіздіктің туын қолға алғаннан бергі жасалынған, бағдарланған игі істердің барлығы орындалып, халықтың игілігіне айналып отыр.

          Қазақстан мемлекеті қазіргі замандағы ұлтаралық қақтығыстарға жол қалдырмай, барша халықты бірлік пен берекеде ұйытып, елді дамыту жолындағы асқақ мақсаттарға жұмылдыра алуға қол жеткізген жер шарындағы санаулы мемлекеттердің бірегейі.

                 Мемлекетіміздің жаңа ғасырда бастау алған басты бағдары – «Қазақстан - 2050» Аса құнды стратегия өте маңызды жеті басымдықтан тұрады. Қазақ халқы үшін жеті саны киелі ұғым болып саналады.

                  Біздің Тәуелсіздігіміз, Нұрсұлтан Әбішұлы жүргізіп отырған «Қазақстан - 2050» стратегиясы халықтың даналығына арналады. Басты бағыты таңдап алып, халықтың өмірлік шексіз-шетсіз философиясы – Мәңгілік

ел идеясы арқылы болашаққа бағыт алдық. «Мәңгілік - ел» стратегиясының мақсаты айқын. Олар- Жалпыға Ортақ Еңбек, даналық, толеранттылық және халықтың бірлігі, тарихы мен мәдениетінің, Қазақстанның барлық этностарын толық құрметтей отырып мемлекеттік тілінің бірегейлігі. Осынау аса маңызды стратегия негіздерін мемлекетімізде мекен еткен әрбір азаматтың білуі міндетті және біліп қана қоймай жоғарғыдағы басты идеяларды іске асыруға атсалысу керек.

                 Мәңгілік ел- бұл ертеңгі күннің орындалар арманы, болашаққа сенім арттыратын идея.

           Мәңгілік ел- Тәуелсіздіктің өмір бойғы философиясы. Бұл қағидаларды санада сақтап, міндетті түрде орындауымыз керек. Туған жеріміздің туын жоғары желбіретіп, еліміздің дамуында жаңа белестерге жете береміз. Этностар арасындағы достықты нығайтып, білім беру сапасын одан әрі дамытып, мәдениет саласының деңгейін көтеріп, ертеңгі ел тізгінін ұстар жастарымызды елжандылыққа, имандылық рухында тәрбиелеп, мемлекеттік тілдің

қолдану аясын кеңейтеміз.

                  Мәңгілік ел болуды мұрат еткен ел болдық. Мәңгілік ел болу арманынан асқан арман жоқ. Әлемдегі барша халыққа сенім мен тағаттылық қажет. Теледидар тетігінің қай бөлігін бассаң да, дөңгеленген дүниеде аласапыран, жан түршігерлік дүрбелеңге түскен, бір кезеңдерде мықты саналатын кейбір елдердің бірлігі жоқтықтан экономикасы шатқаяқтап, босып, бірлігі кеткен елдер қаншама. Осыған қарап отырып шығарар  шешімім - елімнің бірлігі мен тыныштығы бұзылмасын деп тілеймін. Ылайым, елімнің табиғаты таза, адамзаты аман болсын!

Сын сағатта бізге осыдан артық тілек керек емес!

Просмотров: 503


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст