Көк тудын желбірегені.
Спорт – елдің мейірін асырып, абыройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары ел спортшылары халықаралық жарыстарда топ жарып, көк туымызды асқақтай түсуде.
Н.Ә.Назарбаев
Иә, елбасымыздың айтқан бұл сөздерге мен толықтай қосыламын. Халқымыз ежелден денсаулығын басты байлыққа теңейді. Менің ойымша біз осы қағиданы берік ұстансақ, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа пайдасы көп болар еді. «Көк тудың желбірегені » деген сөзді естісем жүрегімді қуаныш жане мақтаныш кернейді. Себебі Қазақстаннан шыққан көптеген әлем және олимпиада чемпиондары бар. Мысалы: Александр Винокуров, Зульфия
Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Ольга Рыпакова, Илья Ильин, Серік Сәпиев. Соларды бүкіл қазақ елі
таниды деп ойлаймын. Қысқы олимпиаданы теледидардан көре бастағанда «Қазақстан, Қазақстан»-деп айқайлап жатқан жанкүйерлерді көп көрдім және көп байқадым.
Спортшыларымыз ел қолдауын сезінген болар, сол елге барғандар да патриот халық екенін көрсетті, бармағандар да, теледидар алдында, өз аймақтарында отырып, спортшылардың тілеуін тіледі. Осындай кездері нағыз патриорт екенімізді білдіреміз. Мен оқитын яғни Бестөбе орта мектебінде талантты, спортты жан тәнімен сүйетін және мектеп абыройын көкке асқақтатып жүрген шебер оқушылар бар. Біздің ұлағатты ұстаздрымызда өздерінің шәкіртерінен қалыспай, жыл сайын дәстүрге айналған спартакиаға қатысып жүлделі орындарға ие болады. Ұстаздарды атап айтатын болсам олар Арман Бауыржанұлы, Гүлназ Папашқызы, Қазыбек Кенжетайұлы, Жанар Төлеубайқызы, Жанар Асылханқызы, Гүлнұр Қошқарбайқызы және т.б.
Ұстаздарымыз шәкірттерге білім ғана беріп қоймай, салауатты өмір салтын ұстанады. Біздің ұстаздар:волейбол,
баскетбол ойындарын ойнауды жақсы біледі. Біздің дене шынықтыру мұғаліміміз Арман Бауыржанұлы қатал болса да, өте жақсы адам және үлгілі ұстаз. Арман Бауыржанұлы бізді көп нәрсеге үйретті. Ең бастысы бізді қандай жағдай болмасын өзімізге сенуді жане ешқашан берілмеуге үйретті. Бестөбеде жиі мектеп арасында
спорттық жарыстар өтіп тұрады. Сыныптар бір-бірімен волейбол, баскетбол ойнайды. Білмегенді бір – біріне үйретуге және пайдалы кеңестерімен бөлісіп те жатқан кездер болады. Біздің мектепте бір спорттық шаралар болса ешкім де жай ғана қарап тұрмайды. Ойнай алмайтын немесе ойнауға денсаулығы келмейтін балалар қолдаушылар болып барады. Ең бірінші аманатқа денсаулық, одан кейін мақсат, ұрпақ және тағысын тағы. Бірақ жұмыр басты пенде не нәрсенің болса да қадірін білмес, егер оны басынан өткізбесе. Кезінде Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз үмбетіне: “Науқас адам сау адамның басынан тәж көреді” – деген екен. Яғни денсаулық – Алла тағала тарапынан кигізілген “тәж” әрі аманат, ол әркімнің басында болатынын ұмытпауымыз керек. Өзім денсаулығыма байланысты
спортпен көп айналыса алмасамда спорт туралы жазуды борышым деп санаймын. Алдағы уақытта да спорт туралы, көк байрағымызды көкке желбірететіндер туралы әлі де көп жазамын, осы борышымды өтесем өзімді әлемдегі ең бақытты адам болар едім. Себебі, бұл парыз мен үшін үлкен қадам, бір адамгершілік қасиетім болып табылады.
Елiмiздегi спорт саласы Мемлекет басшысының назарынан тыс қалған емес. Тiптi, Президент өзi үлгi бола отырып, халықты, әсiресе жастарды денешынықтырумен шұғылдануға үнемi шақырады.Нәтижесiнде бүгiнде республика халқының 22 пайызы салауатты өмiр салтын серiк етедi. 2020 жылға дейiн аталған көрсеткiш 30 пайызға жетуi тиiс.
Елбасының тапсырмасы бұл. Лайым солай болғай! Сыныптастарымды да салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етуге шақырамын. Міне, аз да болса менің тату тәтті, алтын ұя мектебім туралы. Мен өз ойымды анық та, ашық жеткізе алдым деген үміттемін!
Қайролла Арайлым
Бестөбе кенті №1 орта мектебінің
10 сынып оқушысы