Бестөбе кентінің №1 орта мектебінің кәмелетке толмағандардың
жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын –алу мақсатында өткізілген іс-шаралар
жайында ақпарат.
Мектебімізде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу мақсатында әр сыныптың сынып жетекшілеріне, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты сынып сағаттарының тақырыптары берілді. «Адамгершілік-жыныстық тәрбие» сағаттары үнемі өткізілетіндігі ұйғарылды. Қазіргі таңдағы келеңсіз болып жатқан жайттарды ескере отырып, қыз балалармен жекелеген жұмыстар
жүргізілді. Емхана қызметкерлерінің қатысуымен «Қыз баланың жыныстық жетілуі» дәріс сабақтары өткізілді. Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері «Салауатты өмір сүрейік» тақырыбында іс-шара өткізді. Орта буын сынып жетекшілері «Рухани таза болсаң, денең таза болады» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. « Өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз не?» тақырыбында мектеп медбикесі Исмагулова С. С. мен әлеуметтік педагог Баязитова Г.Т. жоғары
сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді. Жыныстық тәрбие беруде мектептің ата-аналармен тығыз
байланысы тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. «Жастарға қайталанбас дәуренді бос өткізбеу, өнердің бәрін игеруге тырыс» деген тақырыпта қауіп тобы оқушыларымен іс-шара өткізілді. Алдағы уақытта «Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алуда құқық қорғау органдарының сабағы» жайында мекеме қызметкелерімен кездесу жоспарлануда. Алдағы уақытта жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру көзделуде.