Текст
Ұйымдар тізімі
18.11.2021
7 "А"сынып қыздарымен "Қыз қылығымен көрікті" атты іс шара өтті. Қазақ халқының қыз бала тәрбиесіндегі ерекшелігі, жеке бас гигиенасы туралы әңгіме жүргізілді. "Қазақ қызы қандай болу керек?" деген сұрақ талданды. Сынып жетекші:Кусайнова А.Е
18.11.2021
Мектеп түлектері қазақ жазушысы, драматург, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық арасында өзінің көпқырлы таланты "Сәкен-сері" ретінде танымал Сәкен Жүнісовтың еңбектеріне арналған кезекті" парасаттылық сағатын өткізді. Кең дүниетанымы бар жазушы жас ұрпақтың өміріне көп көңіл бөлді. Сәкен Жүнісов сияқты қазақ халқының көрнекті тұлғалары қазіргі жастар үшін үлгі болып табылады. Егер қазіргі ұрпақ әділдік жолымен жүріп, өз ұлтын сүюді және елге адал қызмет етуді үйренсе, онда біздің болашағымыз жарқын және гүлденген болады.
18.11.2021
4 б сыныбында "Балалар арасында жол - көлік жарақатының алдын алу" тақырыбында сынып сағаты өтті.
18.11.2021
1 "А" сыныбында "Жол - көлік жарақатының алдын алу" такырыбында сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі: Канафина А.Б.
17.11.2021
9 «Ә» сыныбынның адалдық сағаты Сәкен Жүнісовке арналды. Оқушылар өмірбаянымен, шығармаларымен, кинофильмдерімен танысты.
17.11.2021
«Құқықбұзушылықтың алдын алу-басты міндет»атты тақырыпта 9 «Ә» сыныбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты:қоғам заңдары мен нормаларын орындауға,құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
17.11.2021
Бестөбе №1 жалпы білім беру мектебінің Мектеп Парламенті мүшелері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған"Менің Отаныма -игі істер" акциясына қатысуда. Акцияның ұйымдастырушылары: ҚРБҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
17.11.2021
7"Ә" сынып оқушыларымен өмірі мен шығармашылығы әділдік пен адалдық қағидаларымен ұштасқан Сәкен Жүнісовтың рухани-адамгершілік мұрасына арналған ,,Адалдық сағаты”өткізілді. Сынып жетекші:Ахметова С.Қ
17.11.2021
Өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде қазақ жазушысы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық арасында өзінің көпқырлы таланты үшін «Сәкен-сері» ретінде танымал Сәкен Жүнісовтың еңбектеріне арналған кезекті «Адалдық сағаты» 7"А" өткізілді. Сынып жетекші:Кусайнова А.Е
17.11.2021
1 тоқсанның қорытындысы бойынша 8 "А" сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде ата-ана Жилкибаева Ж.Д. "Қауіпсіз интернет" тақырыбында ақпарат берді. "Өтпелі кезеңдегі бала тәрбиесі" бойынша жиналысқа қатысушылармен сұрақ-жауап өткізілді. "Бала тәрбиесі" тақырыбында бейнебаян көрсетілді.

7 "А"сынып қыздарымен "Қыз...