Текст
Ұйымдар тізімі
12.11.2021
Кент полиция бөлімінің басшысы қызметінің міндетін атқарушысы Сұлтанғазиев Н.О және кент инспекторы А.М Абенова мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілердің қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында 7-8 сынып ұлдарымен әңгіме жүргізілді.
12.11.2021
7 сынып оқушысы Бейсембек Мөлдір Б. Сокпакбаевтың қаламынан туындаған "Менің атым Қожа" повесын оқып оқырмандарға оқуға кеңес береді. Қожа қанша бұзықтық жасаса да, жақсы адам болуға талпынысы бар бала. Қазақ тілі пәні мұғалімі Ахметова С.Қ
10.11.2021
6 “А” сынып оқушылары Қайыргелді Аяулым, Сулейменова Дангүл, Манарбек Аиша, Алтын күзге жасаған қолөнерлері. Сынып жетекшісі: Бектимирова Ж.С
15.10.2021
Бастауыш сынып оқушыларының "Күз кереметтері"тақырыбында салған сурет жұмыстарынан үзінді
15.10.2021
Мектебімізде көптен күткен мектеп президентін сайлау іс-шарасы өз мәресіне жетті.Сайлаудың нәтижесі бойынша 209 дауыс жинап,9"А"сынып оқушысы Бағдатов Дидар жеңіске жетті. 12 қазан күні "Өзін-өзі басқару ұйымының президенті мен көшбасшылардың есімін ұлықтау"салтанатты рәсімі өткізілді.Бағдатов Дидар өзіне жүктелген жауапкершілікті орындауға салтанатты түрде ұстаздар мен оқушылар алдында ант қабылдады.Үміткерлер арасынан жоғары дауыс жинаған қатысушылар"өзін-өзі басқару"ұйымының құрамына мүше болды."Мектеп парламенті"ұйымының жаңа президенті мен кеңес мүшелерінің алдағы өмірлеріне тек сәттілік тілейміз!
15.10.2021
Ардагер ұстаз Айған Қалауқызын мұғалімдер күнімен құттықтау сәті.
15.10.2021
Мектебіміз басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары Камзина Сауле Темирбулатовна Мұғалімдер күні қарсаңында жоғары кәсіби шеберлігі мен білім беру саласының мәртебесін көтерудегі белсенділігі, жас ұрпақты тәрбиелеуде қосқан үлкен үлесі үшін Ақмола облысы білім басқармасының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды
15.10.2021
Мұғалімдер күні қарсаңында мектебіміздің басшының бастауыш сыныптың оқу ісінің жөніндегі орынбасары Кожахметова Карашаш Ермековна және бастауыш сынып мұғалімі Мусина Алия Жунусовна Степногорск қаласы Білім Бөлімі басшысының алғыс хатымен марапатталды.
15.10.2021
"Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға" - демекші, ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Осы орайда, 40 жыл ұстаздық етіп, шәкірт тәрбиелеген химия және биология пәнінің мұғалімі Молдахметова Салия Кайыртайқызын құттықтаймыз! Сіздің асыл еңбегіңіз қоғамға лайықты құрметке ие! Сізге сарқылмайтын өмірлік күш, мықты денсаулық, бақыт, Сіздің отбасыңызға және жақындарыңызға бақ береке тілейміз!
15.10.2021
Тілдер мерекесі аясында мектебіміздің тіл мамандары қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі басшысынан алғыс хаттармен марапатталды. Құттықтаймыз!

Кент полиция бөлімінің басшысы...