Текст
Ұйымдар тізімі
23.04.2021
Бүгін мектебімізде мототранспортты құжатсыз мінбеу,сақтық ережелері ,ата -ана жауапкершілігі ,оқушының өмір қауіпсіздігі және мототранспортты тіркеу ережелері ,жол ережесі басқа да транспорт ,қауіпсіздік жайында жиналыс өткізілді .Бұл жиналысқа мототранспорты бар оқушыларды анықтау жұмысы жүргізіліп ,сол оқушылардың ата -аналары қатысты .Жиналыс барысында мектеп басшысы К.Магзумова,кент әкімінің орынбасары А.Искакова мен кент инспекторы А.Абенова өте жоғары деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп өтті.Сұрақтарға толық жауап беріліп ,"Балаңның өмірі өз қолыңда !" ,"Сақ болайық!","Өзіңді де ,өзгені де ойлай біл "қағидалары негізінде әңгіме жүргізілді .
23.04.2021
Математика онкүндігі аясында "ZOOM" платформасында 7"А" сыныбымен "Математикадағы қолданбалы есептер" тақырыбы бойынша сыныптан тыс ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі: Камзина С.Т.
23.04.2021
Математика онкүндігі аясында 4 сынып үздік оқушылар арасында математикалық олимпиада өтті.
23.04.2021
Әрбір адамның өз құқығын бес саусағындай жақсы білуі шарт.Осы мақсатта 6 "А" сынып оқушыларымен бала құқықтары мен міндеттері жайлы сынып сағаты өтті. Сынып жетекші :Кусайнова А.Е.
23.04.2021
КИО олимпиадасы Абузарова Мерей қазақ тілі мен әдебиет пәнінен Облыс және аудан бойынша II орын.
23.04.2021
Бестөбе кенті 1 орта мектебінің бастауыш сынып ұстаздар ұжымы Жеңіс саябағында экологиялық тазалық сәтін ұйымдастырды. Белгісіз солдат монументы мен ардагерлер тақтасы, жалпы аллеяда сенбілік өте жоғары деңгейде өтті.
23.04.2021
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша апталық жоспар негізінде 5 “Ә” сынып оқушылармен “Санның пайызын табу” тақырыбында ашық сабақ өтті. Түрлі әдіс- тәсілдер пайдаланылған сабақ мазмұнды әрі қызықты болды. Пән мұғалімі: Жусупбаева Н
23.04.2021
Мектептегі Жауқазын ұйымының жұмыс барысынан. Балалардың өзін-өзі басқару жұмысы алға баса берсін.
23.04.2021
Әр баланың жеке қабілетін анықтап, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту, оны сол бағытта жетелеу-ұстаз парызы, бүгінгі күннің басты талабы. Осыған орай біздің мектепте жоғары сынып оқушылары информатика пәнінен Қазақстандық интернет олимпиадасына қатысты. Олимпиада қорытындысы 28.04 күні жарияланып мадақтамалары табысталатын болады. ҚИО олимпиаданың негізгі мақсаты: -оқушының ой-өрісін кеңейту; -оқушының пәнге қызығушылығын дамыту; - оқушымен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру. Пән мұғалімдері Ж.Н.Сарсенбаева, Р.Ж.Разиден
23.04.2021
5-сынып оқушылары арасында "Кім жылдам?" тақырыбында компьютерде үш тілде мәтін теру есептілігі мен сауаттылығын тексеру мақсатында жарыс өтті.Компьютерді жақсы меңгерген ептілер мен ұшқырлар жарыста озып шықты. Жауапты: Сарсенбаева Ж.Н

Бүгін мектебімізде...