Текст
Ұйымдар тізімі
12.10.2021
Мектебімізде тілдер онкүндігі жалғасын табуда. Оқушыларды туған ана тілінің қадыр-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету мақсатында 8«Ә» сыныбында «Тіл тағдыры- ел тағдыры» тақырыбында интеллектуалдық ойын түрінде бірнеше кезеңге бөлінген тәрбиелік мәні зор тіл сағаты өткізілді. Тіл жанашыры : Абенов Қ.К
12.10.2021
Рухани жаңғыр бағдарламасының аясында "Таза болса табиғат-аман болар адамзат" экологиялық сәт. Жауапты: Бектемирова Ж. С
12.10.2021
Ұлы ағартушы,педагог ,шағын әңгіме шебері ,"Дала қоңырауы"атанған Ыбырай Алтынсариннің 180жылдық мерейтойына орай мектебімізде жоғары сынып оқушыларымен "Ыбырай салған сүре жол"атты іс шара өтті.Шығармалары талданып,оқушылар өз ойларын ортаға салды. Пән мұғалімі:Кусайнова А.Е
12.10.2021
Қыздар онкүндігі апталығы аясында мектеп психологы 9 сынып қыздарымен "Қыздар арасында!"тақырыбында әңгіме жүргізді.
12.10.2021
Психология онкүндігі аясында 29.09.21 күні мектептің барлық қатысушылары арасында "Игі тілектер себеті "психологиялық акция өткізілді.
08.10.2021
5”А” сынып оқушыларымен “Қазақстанда туризмнің дамуы” атты тақырып аясында тәрбие сағаты өтті.Мақсаты: Қазақстанның көрікті жерлерін дәріптеу арқылы оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыру.
08.10.2021
"Тілдер мерекесі" қарсаңында 8 "А" сыныбында "Мәңгілік ел - мәңгілік тіл" тақырыбында сынып сағаты өтті
08.10.2021
9 «Ә» сыныбының сынып сағатында оқушылар ҚР Президенті Қ.Токаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі жолдауымен танысты. Жолдауды насихаттауға тарих пәнінің мұғалімі Е.Уразов пен сынып жетекшісі А.Найманова өз үлестерін қосты.
08.10.2021
7 "А" сынып оқушыларымен жол қауіпсіздік ережелерімен таныстыру мақсатында "Жолда жүру ережесін білеміз бе?" сынып сағаты өтті. Жаяу жүргіншілерге арналған жадынамен танысты. Жыл сайынғы болып жатқан қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында түрлі кеңестер берілді, жарақаттанудың алдын алу шаралары қаралды. Сынып жетекші:Кусайнова А Е
08.10.2021
3 "Ә" сыныбында "Ережені жаттаймыз, өмірімізді сақтаймыз" атты сынып сағаты өтті. Оқушыларға жолда жүру ережелері мен әр түрлі қауіп-қатердің алдын алу жолдарына кеңес берілді. Сынып жетекшісі: Белгибаева М.

Мектебімізде тілдер онкүндігі...