Текст
Ұйымдар тізімі
23.04.2021
«Салауатты өмір сүреміз» тақырыбында денсаулық күніне қыздар арасында би жаттығулары орындалды. Жауапты: Ахметова Г. К.
23.04.2021
2020-2021 оқу жылында №1 Бестөбе орта мектебінде 05.04-16.04.21 күндер аралығында инфоматика пәнінің онкүндігі аясында 06.04 күні жоспарға сай «Ғажайып ғарыш әлемі» атты Paint графикалық редакторында 5-6 сыныптар арасында сурет салу сайысы өтті. Бұл сайыста оқушылар әр түрлі суреттер салды. Негізгі мақсатымыз компьютерде сурет салудың қыр-сырын үйрену. Сурет сала білген бала, шектеусіз, істей алмайтын, адам миына сыймайтын дүниелерді ойлап табуына көмегі өте зор. Суреттермен танысып, бояғышты таңдап, жұмысты жетілдіре отырып, бала нюанстарды ажырата білуге, жалпылама және ерекше көрінуге, салыстыруға үйренеді. Қорытындысы декада соңында шығарылатын болады. Жүлде орынға ие болған оқушылар және белсене қатысқан оқушылар үшін марапаттау қағаздары беріледі.
23.04.2021
Бүгін мектебімізде жалпы мектепішілік ата -аналар жиналысы өтті. Балаларымыз аман, бауырлары бүтін, білімді әрі жігерлі болып өсе берсін.
23.04.2021
4 "Ә"сыныбында Халықаралық үйсіз жануарлар күніне орай «Менің сүйікті жануарым» қайырымдылық сәті өтті. Мақсаты: Оқушылар бойында қайырымдылық қасиеттерді дамыту, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті арттыру. Сынып жетекшісі Саттарова А. М.
23.04.2021
2021 жылдың Сәуір айындағы "Ізгі істер" марафоны аясында 0 "Ә" және 2 "Ә" сыныптарында "Құстар бізідің досымыз" тақырыбында танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: Құстар туралы оқушылардың түсінігін кеңейту,құстар тіршілігі туралы мағлұмат беру. Дүниетанымын ой-өрісін дамыту. Табиғатты сүюге, құстарды аялауға тәрбиелеу. Жауапты сынып жетекшілер: Белгібаева М.А Хамит А.С
23.04.2021
7 "Ә"сыныбында ата- аналармен онлайн түрде" 2020-2021 оқу жылының 4-тоқсандағы оқу үрдісі" тақырыбында жиналыс өтті. Короновирустың таралуына байланысты 4-тоқсан оқытуына енгізген өзгерістер айтылып, қашықтық оқу жалғасатыны, сонымен қатар бұл жағдайда қатаң санитарлық талаптарды сақтау ескертілді. Сынып жетекші:Молдахметова С. Қ
23.04.2021
6 "Ә" сынып ата-аналарымен онлайн түрде жиналыс өтті. Короновирустың таралуына байланысты қашықтық оқу жалғасатыны, балалардың жеке бас гигиенасын сақтап, сақ болуы ескертілді. Сынып жетекші:Ахметова С.Қ
23.04.2021
Ақмола облысы Білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жұмыс жоспары негізінде көктемгі демалыс уақытында "Живи. Твори. Рассказывай" блог-тур ұйымдастырылды. Осыған орай 2 "А" сынып оқушысы Ермек Ермұхан көктем кереметін жаңғырту мақсатында құстарға арналған ұяшықтың макетін жасады. Барлық білім алушыларды табиғат көркі құстарға қамқор болуға шақырамыз.
23.04.2021
2 "А" сыныбында "Шымырлық пен шеберлік мектебі" сабағы өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ұлттық қолөнер үлгілерімен таныстыру, ұлттық ойындар туралы мәлімет беру. Ұлттық ойындарды ойната отырып, ата-салтын ардақтауға, салауаттылыққа тәрбиелеу. Сынып жетекші:Хамзина Б.Е.
23.04.2021
6"А"сынып ата -аналарымен онлайн түрде"2020-2021оқу жылының 4-тоқсандағы оқу үрдісі" "тақырыбында жиналыс өтті. Короновирустың таралуына байланысты 4-тоқсан оқытуына енген өзгерістер айтылып,қашықтық оқу жалғасатыны ,сонымен қатар бұл жағдайда қатаң санитарлық талаптарды сақтау ескертілді.

«Салауатты өмір сүреміз»...