Текст
Ұйымдар тізімі
12.11.2021
2 сыныптар оқушыларына «Қараңыз! Кітапхана!» атты танымдық экскурсиясы өткізілді. Кітапханашы балаларға кітапхананың құрылу тарихы, кітапхана ережелерімен, тіркеу тәртібімен таныстырды. Оқушылар мерейтойлық кітап көрмелерімен, балалардың жаңа басылымдарымен танысты. Балаларға қандай кітап оқығанды ұнататыны туралы сауалнама жүргізілді және кітапхана ережелері туралы жаднама таратылды. Экскурсиядан кейін балалар біздің кітапхананың оқырманы болғысы келетінін білдірді, әрине бұл бізді қатты қуантты!
12.11.2021
Мектебімізде “Құтқарушылар күні” мерекесі аясында “Ұлттық волонтерлер желісі” ЗТБ “Менің дабыл шабаданым” тақырыбына түсірілген бейнеролик челленджі жалғасын тапты.
12.11.2021
Оқушыларға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру, сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында 8 "А" сыныбында "Абу-Шахман Халфе" мешітінің бас имамы, ата-анамыз Жасұлан Абылайұлының қатысуымен "Ұлттық тәрбие-ұлттық рухтың негізі" атты рухани кездесу өтті. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, бас имамға жан-жақты сұрақтарын қойды. Жас буын өкілдерінің кездесу барысында рухани серпіліп қалды.
12.11.2021
8 "Ә" сыныбында "Достық-адам өмірінің тірегі" атты тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: "Дос", деген қасиетті сөздің мағынасын ашу, "достық" туралы ұғымдарын кеңейту, дүниетаным, зерделеу қабілетін дамыту, жолдастық, достық қатынастарда әділетті, толық адам болуға, шыншылдыққа, көпшілдікке тәрбиелеу
12.11.2021
8 "Ә" сыныбында "Достық-адам өмірінің тірегі" атты тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: "Дос", деген қасиетті сөздің мағынасын ашу, "достық" туралы ұғымдарын кеңейту, дүниетаным, зерделеу қабілетін дамыту, жолдастық, достық қатынастарда әділетті, толық адам болуға, шыншылдыққа, көпшілдікке тәрбиелеу
12.11.2021
9 «А» сынып оқушысы Нурбек Медина Балқаш қаласы «Балдаурен» республикалық оқу- сауықтыру орталығында өзінің белсінділігін таныта біліді
12.11.2021
9 «Ә» сыныбында« Мейірімділік-асыл қасиет» атты тақырыбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа тәбиелеу
12.11.2021
АӘДжТД пәні бойынша 10 сыныпта "Қазіргі қоғамда терроризм мен экстремизм қатері" тақырыбында сабақ өткізілді, сондай-ақ оқушыларға терроризм актісінің қауіпі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайда әрекеттер туралы жадынамамен таныстырылды.
12.11.2021
2021 жылдың 14қазанда "Таңшолпан" қалалық орталығында көшбасшылар слеті өтті.Онда мектеп президенттері мен балалар өкілдігінің өкілдері мен аға тәлімгерлер белсене қатысты.Білім беру бөлімінің әдіскері Х.Ш.Шакенов барлық балаларды құттықтап,мектеп Парламенті жұмысының басты басымдықтары туралы сөз қозғады.Бағдатов Дидар балалар өкілдіктерінің жұмыс жоспарына ұсыныстарды талқылау және енгізу бойынша шағын топтарға қатысты. Көшбасшылар слеті нәтижелі өтті.Әсіресе волонтерлік туралы тамаша идеялар айтылды
12.11.2021
Алтын күз мерекесіне орай ұйымдастырылған мектепішілік қолөнер байқауының қорытындысы шығарылып, белсенді қатысқан сыныптар марапатталды.

2 сыныптар оқушыларына «Қараңыз!...